Жүрек жұтқан ерің мен
Бұл бетте «Жүрек жұтқан ерің мен» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аман қалған ажал оқтан, өлімнен,
Тұрып кеткен салып қойған көріңнен,
Қорқынышқа қылбұрау сап үйреткен —
Жүрек жұтқан, мақтанайын, ерің мен!
Содан құнын бұл жалғанның ұғынғам,
Содан еркін, тәуелсіздеу бүгінгі ән.
Кісілікті, ізгілікті жырлайын,
Түсіргенше жұлып қайта тұғырдан.
Ренжімен жолым болмай жүрсе де,
Қуанамын болар-болмас нәрсеге.
Дүниенің бар байлығы менде енді,
Қақпасам да етігіме бір шеге.
Кешірімшіл болып алдым бәріңе,
Өсекшілді жібермеймін әріге.
Ей ағайын! Уайымым — жаныңды,
Суаратын бастауыңның нәрі не?
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі