Ізі өзің атақты қайқылардың

Бұл бетте «Ізі өзің атақты қайқылардың» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.04.2021
  • 0
  • 0
  • 683
(Күріш Тасболатовқа)

Өнерді сен өмірге балап едің,
Өлең-жырға толы еді жан әлемің.
Талапайлап аузыңнан алып кетті,
Ақкүріш-ау, әніңді қалап елің!
Қай биікте шырқасаң алқынбаған,
Қара қайнар көзісің сарқылмаған.
Шаршы топта шашыңа шаң жұқтырмай,
Шаттандырып келесің халқыңды әман!
Дәріптедің қылығын "сәйкілердің",
Өз аузыңнан зар болып айтылар мұң.
Арман даусын жеткіздің заманыма,
Ізі өзің атақты "қайқылардың".
Даусың жетті Досаттай жеті арқадан,
Өз үніңнен шерліден шер тарқаған.
Сағынышқа сағыныш жамап алып,
Кейде кетер дертіне дерт арта жан.
Күйіп-жану бар жанға арман едің,
Ғашық ұлың Күріштей бар ма, елім?
Ақбөбек пен Қайыптан кем түспейтін,
Махаббатты өнерге арнап едің.
Мүсіндеген өзіңді ұқыпты адам,
Дарқандығын дарытқан бұ құт далаң.
Тек өзіңе тапсырған аманатқа,
Кеудесінің кеңдігін Мұхит бабаң!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ізі өзің атақты қайқылардың өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Ізі өзің атақты қайқылардың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ізі өзің атақты қайқылардың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ізі өзің атақты қайқылардың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері