Бұл бетте «Тілек» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
О, Жаратқан, ризамын сезім берген!
Қандай ғажап, сезіммен көзің көрген!
Тілей алшы жақсылық өзгелерге,
Омақасып жатырған кезінде, Сен!
Болсын таза күлісің, жүрісің де,
Мін болмағай бет күйер бір ісінде.
Сені кісі етеді тек кісілер,
Сондықтан да ешкімге ірісінбе!
Сенбе "кемнің" қосқаны озбасына,
Сенбе алқа тоныңның тозбасына.
Бір Тәңірге сене бер сезім берген —
Барлық бақыт қонады өз басыңа!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі