Ұлы достық – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ұлы достық» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 2
  • 2870
Елу жылдың биігінен
Көз жіберсең досым-ай,
Россия ел еді ғой
Жылқышылар қосындай,
Бақас шығып бауырластар
Әсте басы қосылмай,
Өтпеп пе еді бір-біріне
Көктен түскен тосындай.
Бүгін оның қандай да бір
Қиырларын шарласаң,
Қай аймағы, қайдағы алыс
Түкпіріне бармасаң,
Жарқын жүздер күліп келіп
Ілтифатпен қарайды,
Сол кіршіксіз күлкілерден
Күн көресің арайлы
Айқара ашқан ыстық құшақ,
Аярсыз мол мейірім,
Кілем қылып төсегендей,
Дос құрметін, пейілін.
Жаңа көріп – білсең дағы,
Жаңа ғана танысып,
Тұрғандайсың ежелгі бір
Дос құрбымен табысып.
Ақ көңілдер аясынан
Ақтарылған жан ыстық
Сездіргендей жүректерде
Жоғын бізде алыстық.
Затың басқа болсаң дағы,
Бөгде емес өздейсің,
Апта емес, айлар жүрсең,
Жалғыздығың сезбейсің.
Қиындықта көл ұшы емес,
Ұсынатын білегін.
Қорғаның да қасың келсе,
Қарсы қояр жүрегін.
Бұл мызғымас достығы бар
Менің байтақ ұлы елім,
Түрлі ұлттар туыстасып
Қосқан мәңгі тілегін
Менің ғана елімде бұл
Арайлы таң атқан нұр,
«Тар жол, тайғақ кешулерде»
Табыстырған тілек бір
Ұлы елімде Ұлы достық
Мызғымас ел туындай
Ғасырларға кетер талай
От қалпында суынбай.


Пікірлер (2)

Мадина

Норм

Айдос

Сәлем, менің атым Айдос.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлы достық өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ұлы достық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлы достық өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ұлы достық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері