Не десе жұрт, о десін, айқын маған
Бұл бетте «Не десе жұрт, о десін, айқын маған» атты Жүсіп Қыдыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Не десе жұрт, о десін, айқын маған:
Жердің сырын толықсып Ай тыңдаған:
Сен де, сәулем, тыңдашы, бір сырым бар
Бұрын-соңды өзіңе айтылмаған!
Өртенбесе бұл жүрек алқынбаған,
Сақылдаған ыстық қан салқындаған.
Ай қабағым, тыңдашы, бір сөзім бар
Бұрын-соңды өзіңе айтылмаған.
Түннен кейін көтерер күн еңсені,
Сол бір сөзде тірліктің құн-өлшемі.
Айтайын ба?
Айт десең – тыңда онда:
«Сүйем сені, сәулешім, сүйем сені!»
«Бір айтқанды мың айту ермек нендей!» –
Дедің күліп, шайқап жел тербеткендей.
«Сүйем» деген әр сөзім жаңа сөз ғой
Жылда келер жаңарып әр көктемдей.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі