Арзан күлкі мен үшін қалды ескіріп
Бұл бетте «Арзан күлкі мен үшін қалды ескіріп» атты Жүсіп Қыдыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арзан күлкі мен үшін қалды ескіріп,
Ол сүймесе – көңілім көрмес тынып.
Отқа ойланбай түсемін айтпасаң да,
Айналайын махаббат – жанкештілік.
Жеңіл ойын мен үшін қалды ескіріп,
Ол сүймесе – кетеді таң кешкіріп.
Суға ойланбай секірем айтпасаң да,
Айналайын махаббат – жанкештілік.
Сыпайылық мен үшін қалды ескіріп,
Сүйем деген бір сөзі мәңгі естіліп,
Қалың жауға шабамын жалғыз қара,
Айналайын махаббат – жанкештілік.
Соны айтса – өлеңді, әнді есті де,
Сүйе алмаса сөз сұрап барма ешкімге.
Отқа, суға риза боп қойып кетер
Шын махаббат болады жанкештіде!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі