«Сүймеймін» деп айтшы сен шамаң келсе – Әбілда Аймақ

Бұл бетте ««Сүймеймін» деп айтшы сен шамаң келсе» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 2250
«Сүймеймін» деп айтшы сен шамаң келсе,
Тұра қашпай біздерді анаң көрсе.
Қайтер едің, қарағым, қайтер едің,
Мына менің күнімді саған берсе.
Сөз аңғарған жан едім қас-қағымнан,
Сүю ауыр өмірде басқа мұңнан.
Не болғанын өзің де сезіне алмай,
«Дос болайық» дедің-ау сасқаныңнан.
Ел болған соң, сыртыңнан кім не демес,
Сәл сүрінсең, өтер күн, түн демемес.
Қу өсек пен күншілдік араласпай,
Өткен күнді махаббат білген емес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері