Сөзіме онша сене бермейсің – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Сөзіме онша сене бермейсің» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 706
Сөзіме онша сене бермейсің,
Өлемін десем, өле бер дейсің.
Алдыңда сенің пенде екенімді,
Елемегенсіп неге көрмейсің!
Үзілді -кесілді безіндірмейсің,
Кетемін десем, өзін біл дейсің.
Күндіз де түні басқаны ойлап,
Беріліп мұңға көзіңді ілмейсің.
Жүрекке күйік тама береді,
Ішімде бір от жана береді.
Жазған өлеңім жалыны өшіп,
Өзімде ғана қала береді.
Мазақтап сосын күледі елесің,
Қиналар тағы жүдеген есім.
Сезбеген болып ештеңені де,
Бұрылып кенет жүре бересің.
Төмендеп жүзім бала қатары,
Жаныма менің нала батады.
Көшеде жігіт менмендікпенен,
Қолтықтап сені бара жатады...
О, Жалған–ай!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері