Сәнқойлар

Бұл бетте «Сәнқойлар» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2015
  • 2
  • 3
  • 16919
Шедірейіп, шекиіп,
Қасын керіп кекиіп,
Қолдан пішін жасаған,
Біреу келер секиіп.

Шырт түкіріп, шынтақтап
Жүз құбылып, қылтақтап.
«Сұлуын-ай шіркіннің»
Дегізбекші жұрт мақтап.

Мұнымен мақтау алмақ па?
Шамалап өзің салмақта.
Мұнша әдемі көрініп,
Көңлі қызға бармақ па?

Мен қыз емес, өзің қыз,
Осы күнде сындасыз.
Өз бетіңді өзің бұз,
Үйте алмаймыз, жаным, біз.

Бояған пішін бола ма,
Оны қылған оңа ма.
Ерте бастан айтқаным –
Сол пішінге жолама.

Бір сал мойын сал келер,
Омырауы дал келер.
Бақайынан келмес-ақ,
Өзінен басқа пенделер.

Құлағын киер тымақтың,
Мойны бостау шырақтың.
Мас кісідей талтақтар,
Осыны қайтіп ұнаттың?

Жүрсе, тұрса, бұлықсып,
Мұнысы тапқан қылықсып,
Өнер қылар, ат мінер,
Жығыла жаздап толықсып.

Осындай салғырт салымыз,
Көтеріп аттан алыңыз.
Аяғын жерге анықтап
Баса алмайды, наныңыз.

Өзіне-өзі өң берген,
Терісін түзеп жөнделген.
Осындай шебер елде көп,
Өз қылығын жөн көрген.

Сен өзгерме, өзің бол,
Жаратты ғой, болар сол.
Құдайдан шебер болмассың,
Қылмай-ақ қой онан мол.

Есіл түзу пішінді,
Түзете алмай қысылды.
Сен құбылмай тек отыр,
Түзетсін Құдай ішіңді.


Пікірлер (3)

Сафиа

Өте керемет,жастарға ой салады

Тоғжан

Шәкәрімнің «Сәнқойлар» өлеңі әлі күнге дейін өзекті! Бояу мен пішінге сүйеніп, табиғи сұлулықты бұзатындарға қатты сын. «Сен өзгерме, өзің бол» деген жолдары жүрекке жетеді. Керемет туынды! ❤️

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәнқойлар өлеңінің авторы кім?

Шәкәрім Құдайбердіұлы — осы өлеңнің авторы.

Сәнқойлар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәнқойлар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәкәрім Құдайбердіұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәнқойлар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері