Шын жылап көріп пе едің ғұмырыңда – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Шын жылап көріп пе едің ғұмырыңда» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1203
Шын жылап көріп пе едің ғұмырыңда,
Айналып қасіреттің шығырында.
Өзіне шақ қайғысы болады ғой,
Ақылы тайыздың да, ұлының да.
Қызық күн тоса бермес ұдайы алдан,
Кей кезде шытынайды шынайы арман.
Сондайда мұң сіміріп, қысылмай-ақ,
Жақсы да адамша бір жылай алған!
Мұң деген тағдырыңның бір өлеңі,
Сонымен табылатын жүрек емі.
Ағыл-тегіл жаңбырдан соңғы жердей,
Шын жылау – жан дүниеңнің түлегені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері