Жырылғандай аузымнан бұйырғаным – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Жырылғандай аузымнан бұйырғаным» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 684
Жырылғандай аузымнан бұйырғаным,
Сырғақсиды алдымнан сиынғаным.
Екеу болдық, деп едім «құралармын»,
Жоқшылықтың таттым шын биыл дәмін.
Күн аунайды, төбемнен, түн аунайды,
Сүйген жарым көз жасын бұлаулайды.
Жамай алмай жыртығын отауымның,
Ақпан қары көңілде қылаулайды.
Дұшпандарым көп еді табалаған,
Қарындасым жоқ еді ағалаған.
Шырылдаған жанымның қарлығашы,
Арман – үйдің шатырын паналаған.
Күн сәулесі түспей бір шаңырақтан,
Жастайымнан қу тағдыр аңыратқан.
...Жетімдерді жұбата алмайды екен,
Жүректегі махаббат жалын атқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері