Бұл бетте «О, адамдар жүрегі, жаны ғажап» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
О, адамдар. жүрегі, жаны ғажап,
Ізгілікпен андарды да емдеп жазад!
Тағыны да аяйсың, өз бауырыңа
Ұсынарың жаным-ау, неге азап?
Неге қимай біріне бір жақсылық
Кедергісің, кезіксе бір жақсы үміт?
Биіктікті бір саты қия алмай,
Ойлайтының өзара тек қас қылық?
Қалай ғажап, достар-ау, бұл Орталық,
Біреулерді толтырып, бірді орта ғып...
Кеше онда барған, бүгін данышпан,
Үйренесің нұсқау алып, жол танып...
Қалай ғажап Орталықта күш деген.
Тер төкпеске атақ-даңқты үстеген.
Өлі-тірі түгел сонда сортталып,
Құнды-құнсыз бәрін сонда түстеген.
Обыр ындының жемейсің.
Сыртың құр жаңа
Өзіңді өзің,
Биік тұлғаға, теңейсің,
Ішің нас, лас,
Жатқан ескілік
Құлжа емес рас кенейсің.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі