Наз айтасың ақтарылып – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Наз айтасың ақтарылып» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 591
Наз айтасың ақтарылып,
Дұшпан күліп, дос тыңдайды.
Ой туындап, жүрек баурап,
Көктей қаулап еш тынбайды.
Әділеттен күдер үзген
Үміт өзекті осқылайды,
Ақырында жаныңды езген,
Шер үстіне қостың қайғы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері