Қасірет түндер
Бұл бетте «Қасірет түндер» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қасірет түндер,
Жүрегімді жаныштап басып өттіңдер,
Мен емес бірақ өмірден жасып өттім дер.
Бұлағынан бақыттың дәмелендіріп,
Мені мәңгі ғашық еттіңдер.
Кім ұғады өзімді жиі алдағанымды,
Болмас істі болдырып қиялдағанымды.
Он жерден менің өзегім өртенсе дағы,
Жарық күнді кім ұғар қия алмағанымды.
Кеудені бұзып кете алмай арыстан-арман,
Қызғалдақ дәурен алаулап алыста қалған.
Тәлтіректетіп тағдырдың тәлкегі мені,
Қара бура – қайғы сұм жаныштап алған.
Қарап қалған кезінде кісіге күнім,
Жаутаңдады әркімге күшік – өмірім.
Сүтке тиген мысықтай ғұмыр кешетін,
Жалғыздықтың жан сырын түсінеді кім?
Қасірет түндер,
Жүрегімді жаныштап басып өттіңдер,
Мен емес бірақ өмірден жасып өттім дер.
Бұлағынан бақыттың дәмелендіріп,
Мені мәңгі ғашық еттіңдер.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі