Өлең, жыр, ақындар

Сықыр да сықыр бөтелке дорбамда мынау

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 573
Сықыр да сықыр бөтелке дорбамда мынау,
Өмірде мұндай мүжіліп, қор болмадым-ау.
Сұқтана қарап әркімнің ішкен-жегеніне
Жылап та келіп шағынған, подвалдарым-ау.
Жадыланған санам да сығылады ойдан,
Табыла қойсын мендейге құбыла қайдан.
Әкемнің қоңыр дауысы құлақтан кетпей,
Өкіріп тұрып жылағам, кім ұғады, айнам?
Мен тілек еткен шырқырып көсеге де оңбай,
Қасқалдақ қаны – шарапқа кесе де толмай,
Күңіренген қуыс айналып тозаққа бір сәт,
Қырылып қалды кеудемде нешеме торғай.
Подвалдарым-ау, сасыған сызын сыйлаған,
Өзіңе енсем жадырап, жүзім шираған.
Кемсіткен мені пенденің көзінен қашып,
Еріді сенде кеудеме мұзым сыймаған.
Езуімдегі темекі – қасқырдың көзі,
Осы ма еді кездескен жақсы ұлдың тезі.
Бәрі де безді ұмытып, мен де безіндім,
Тағдырым, айтшы, шарапқа тапсырдың ба өзі?
Көрінсем жұртқа жиреніп, мұрынын басып,
Сөз етер мені сыртымнан былығымды ашып.
Ағама тағы жамандап қыбын қандырар,
Отырған жеңгем омалып бұрымын қасып.
Ішімді бүрген зәріме басыртқы қайда,
Білмеймін, мендік шыбын жан асықты қайда?
Тамшы дәміне шараптың айырбастап ем,
Пыш-пышын мінген айнала пасықты майда.
Тауыса көрме ендігі амалымды Алла,
Сахинамамды жазайын талабым барда.
Басым да сынып барады, солқылдап шекем,
Кесеңді берші, ей, Сахи, шарабың бар ма?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жынды қылған бұл өлең

  • 0
  • 0

Жынды қылған бұл өлең
Төгіліп кетсе қайтеді.
Кеуде тұсым қақырап
Сөгіліп кетсе қайтеді.

Толық

Шырын шумақтар

  • 0
  • 0

Шараптан көрмесе де кісі емделіп,
Іштім бе, іше берем, ішем келіп.
Бірауық масаңдау боп жүрген артық
Қалғанша қайғы-мұңға кісенделіп.

Толық

Тұншығып ойға сенделемін де

  • 0
  • 0

Тұншығып ойға сенделемін де,
Жалықтық әбден мен де, өлеңім де.
Көктемнің нұры жауратты мені,
Апыр-ай, шыннан келмегенің бе?

Толық

Қарап көріңіз