Менің жайым мәлім болды – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Менің жайым мәлім болды» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1050
Менің жайым мәлім болды,
Сенің қалтаң қалың болды.
Қорғайтыным арым болды,
Ал тергеуші залым болды.
Сол тергеуші биыл мені,
Тұра алмастай құлатты ерте.
Бар дүние үйімдегі –
Бір кереует, бір-ақ көрпе.
Кесе-шәйнек, шелек-пелек,
Толы еді қоқысқа ошақ.
Бәрін хаттап бөлек-бөлек,
Жатты үйімді «опыс» жасап.
Қазақы там мыжырайған,
Осылайша қолды болды.
Тергеушіге тыжырайған
АКТ қағаз толды – болды.
Қарауытып талды көзім,
Уланды аңғал-саңғал жүрек.
«Қалай тұрдың жалғыз өзің?»
Деп тергеуші таң қалды тек.
Зар құсқанмен санам жүдеп,
Алдан үміт үзбейді екен.
Тергеушілер адамды тек
Соттау үшін іздейді екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері