Қысқан кезде жан-жағымнан – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Қысқан кезде жан-жағымнан» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 648
Қысқан кезде жан-жағымнан,
Қайғы ауруға ем де қонбай.
Қолды жайып жалбарынғам,
Жайымды ұғар пенде болмай.
Көзден қаным аққанда да,
Бар дүние мұз, керең боп.
Жалғыз дірдек қаққанда да
Ешкім мені іздеген жоқ.
Үміт көлін жағалаған,
Бал құрақты бұлақ едім.
«Баласына қарамаған,
Қылмысты» боп шыға келдім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері