Өлең, жыр, ақындар

Қыңсыладың қиналып, арсылдамай

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 499
Қыңсыладың қиналып, арсылдамай,
Екеумізді кім сірә, керек етсін?
Жаралғаннан болып ең арсыз малай,
Зарлағанда құдайға не демексің?
Ойламап ем жылар деп сені бұлай,
Көріпсің ғой, байғұсым, көресіңді.
Обал бопты-ау, өзіңе серігім-ай,
Жұлып ала жаздапты өңешіңді.
Азулылар тартып жеп тапқаныңды,
Келдің бе сен тағы да ызаланып.
Теріс мінгізе аламын атқа кімді,
Барғаныммен оларға мұз оранып.
Білем, төбет, жайыңды білем, міне,
Білем сендік намыстың таптағанын.
Азулыға бар жұмыс тірелді де,
Әлсіздердің шеттетті жақпағанын.
Пана таппай ешкімнің қалқасынан,
Тірі кеуде айрылды бағасынан.
Сен де кеттің иттердің ортасынан,
Мен де кеттім адамдар арасынан...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Маңдайымды тіредім жақ таянып

  • 0
  • 0

Маңдайымды тіредім жақ таянып,
Өткен күнім өртеніп жатты оянып.
Ешкім мені іздемес баяғыдай,
Күндер өтер тағы да оқтай ағып.

Толық

Түпсіз терең шыңырауға

  • 0
  • 0

Түпсіз терең шыңырауға,
Құлап кетіп барамын.
Кездестім де бір дауға,
Жылап кетіп барамын.

Толық

Мынау әлем бір сәтке көз ілгенде

  • 0
  • 0

Мынау әлем бір сәтке көз ілгенде,
Оянды ма шөлдеген сезім менде.
Сабырсыздық санамды билеп алды,
Тынышынан айрылды сезім – көл де.

Толық