Бұл бетте «Өз-өзіммен оңаша» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
15.04.2021
0
0
935
Өз-өзіммен оңаша
Құрып кетсем деп едім.
Көкжиекке Күндейін
Сіңіп кетсем деп едім.
Жер астына сопыдай
Кіріп кетсем деп едім
Айтатынды айтып бір
Тынып кетсем деп едім.
Көпірменің езуін,
Жырып кетсем деп едім.
Зинақордың бір жерін
Тіліп кетсем деп едім.
Пенделіктің құйрығын
Түріп кетсем деп едім.
Тірілерге сөйтіп бір
Күліп кетсем деп едім.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі