Бұл бетте «Төлеген Тоқбергеновке» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұл күнде «данышпан» мен «көреген» көп,
Әкімдер көп нәрсені елеген жоқ.
Тәкен мен Асқар жүрді бізді айналып,
Бірақта Тоқбергенов Төлеген жоқ.
Төртеудің тойы болды дүркіреген,
Ағылды көмекейден бір түн өлең.
Есімнен кетпей қойды Тоқбергенов
Тасқындап тау суындай күркіреген.
Мұндайда кім жетер датың, көкем,
Мұңайды мұң жамылып пақыр мекен.
Қыртысты Қаратаудың бір жерінде
Беу, Төкең, теріс қарап жатыр ма екен?
Ұялдым, мазасыз ой мүйіздеді,
Біреулер атақ, мансап, сый іздеді.
Тоқбергенов секілді көк бөріні
Сұңқылдап Момбековтің күйі іздеді.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі