Бұл бетте «Жан жаңбыры» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Ақын Әкім Ысқаққа)
Бозторғайды оятқан жан жаңбырың,
Түркілеген ұйқыңды таңнан бұрын,
Көңіліңде бүр атып арман гүлің,
Өзек еттің өзіңе жалған жырын.
Жүрегіңе өрнегін салған бұрым,
Сол өрнектен жаралған жан жаңбырың.
Көктемені әлдилеп жұбатады
Енді-енді сәуірде жарған гүлін.
Гүл кеудемнің қашан да төрі – дала,
Жан жаңбырға жұбанған бөрі бала.
Оңашада төгілген жаңбырлар-ай
Жұбата алмай келеді мені ғана.
Жырларыңда мөлдіреп жан жаңбырың,
Дүбірлетер кеудеңді бағлан құлын.
Дәтке қуат, бойға нәр алып жүрміз,
Жанды еріткен жаңбырлы балдан бүгін.
Көтере алмай шаршасаң жалған жүгін,
Тебірентер жүйкенің алуан қылын.
Бөржардағы баланы аялашы,
Кәусарыңа жуындыр, жан жаңбырым!!
Сәуір, 2008 жыл
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі