Өлең, жыр, ақындар

Бойдақтарға!


Көрмеген әлі бір ойлап,
Үй болуды тезірек.
Бір бойдаққа бір бойдақ,
Әр қадамда кезігер.

Жастық шақтың мәздігін,
Тойлап жүрген қу бастар.
Бірақ уақыт аздығын,
Білер ма екен бұл жастар?

Болса дағы түрлі жау,
Үй болуды сезінген.
Он үш жаста бір отау,
Құрып алған, кезінде.

Шындық па әлде, әзіл ме?
Жас жүруді қалайды.
Үйленуді қазірде,
Қартаюға балайды.

Біреу арман қууда
Арманыңа жет, мейлі.
Бірақ бақыт құруға
Жалғыз басың, жетпейді.

Біреулері жақсы жар
Іздеп жүрген әліге.
Үлгермесең жақсылар,
Жетпей қалар бәріңе.

Кетпесін өтіп, жас жаның,
Әр нәрсені ойлап бір.
Бағыты көп басқаның,
Уақыты аз бойдақтың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Махаббат

  • 0
  • 0

Көңілге көңіл тоғысқан кезде,
Көңілдер жақын болысқан кезде.
Арайын төгіп шынайы сезім,
Жартылай жандар толысқан кезде.
Сезілер нағыз махаббат!

Толық

Қарап көріңіз