Ақша бұлттар – Айгүл Қадыр

Бұл бетте «Ақша бұлттар» атты Айгүл Қадыр жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сәуірдегі сыңар бұлт көпке елес,
Анау қырға ақ жауын төккен емес.
Тербемесе көңілдің иірімін,
Өкпелеуге болмайды көктемге еш.

Ақша бұлттар аспанда қалған сиреп,
Әкеткені-ай қиялды арман сүйреп!
Мамырда да ақ қарды аңсап тұрып,
Сағынышты кеудеме алғам түйреп.

Жалт еткенде жанарым баққа жарып,
Жая салам сырымды жатқа барып.
Сенің жарық сәулеңді айналам деп,
Қанатымды алмайын отқа қарып.
Айгүл Қадыр


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар