Апта жатпа – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Апта жатпа» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3645
Дүйсенбіде ойға қалдым,
Не істерімді ойлап алдым.
Сейсенбіде сайға бардым,
Шабындық жер сайлап алдым.
Сәрсенбіде қайрақ алдым,
Орағымды қайрап алдым.
Бейсенбіде қаймақ алдым,
Шапқан шөпті тайлап алдым.
Жұма күн жонға бардым,
Қоспағымды қомдап алдым.
Сенбі күні қойға бардым,
Ертіп алдым Қойбағарды.
Жексенбіде ойға бардым,
Көңілденіп ойнап алдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері