Не берсең де тұтас бер бәрін маған – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Не берсең де тұтас бер бәрін маған» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1558
(аударма)

Не берсең де тұтас бер бәрін маған -
аспанды да, жерді де, бөлектеме!
Теңіз, өзен, таулар мен сағым далам –
бәрін түгел бермесең, көнед деме!
Тұтас берсең жүрмейді көңіл налып,
сонда ғана шалықтап өтер едім.
Берме маған бақытты бөліп жарып,
қайғыны да түгел бер – көтеремін.
Бір-ақ заттың жартысын қалар едім,
онсыз менің көңілім - жетім бала:
берсең болды - үлбіреп алау ерін
өзің жатқан жастықтың шетін ғана...

ЕВГЕНИЙ ЕВТУШЕНКО


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері