Жоғалған махаббат – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жоғалған махаббат» атты Фариза Оңғарсынова жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 09.07.2020
  • 0
  • 0
  • 9158
Арманым сен едің
Ардағым сен едің
Өзіңсіз өмірім көңілсіз деп едім
Көрмесем жабығып сарғайып сағынып
Өзіңмен бір еді бал арман ақ үміт
Күндер-ай сағынған жалыңдаған
Еркіне бағынған бағынбаған
Жоқ бүгін махаббат арманымда
Шынымен жоғалтып алғаным ба
Не дейін көңілге түсім бе өңім бе
Кінәлі кім бұған өзім бе өмір ме
Жайнайын тағы да нұр құйып таңыма
Жоғалған махаббат оралшы жаныма.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері