Бір сыншыға – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Бір сыншыға» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1881
Оқимын да жазғаныңды қорқамын,
Бұл не қылған мүсәпір деп аяймын.
Айнымады - ау баяғы бір жортағың,
Танымайсың таңбасын да бояудың.
Я құлақ жоқ еститұғын дыбысты,
Я жүрек жоқ сездірер, я сезетін.
Іздесейші бойыңа шақ жұмысты,
Сын малта емес қартайғанша езетін.
Көше сыпыр, босқа отырғың келмесе,
Ол да пайда сүйген жұртқа тазалық.
Олла - билла, жарасар еді өзіңе
Қаламнан да сыпырғыға қожалық!
Тек шаңдатпа екі қолым мықты деп,
Ұмытпа, сен, ақыл керек оған да.
Жырлайын мен бір ғажап жан шықты деп
Сыпырғымен көмек етер қоғамға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері