Қашан шықты бұл өзі тірілерді – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қашан шықты бұл өзі тірілерді» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 933
(аударма)

Қашан шықты бұл өзі тірілерді
түк елемей,өлгенді қадірлеген?
Ішіседі адамдар, бүгіледі.
сонсоң жерге енеді жалын денең.
Өліп тынып, тапқан соң қоныс күйлі,
егілер сөз айтады-ау дұрыстап бір...
Ажал неге ерте алды Маяковскийді,
тапаншаны қолына кім ұстатты?
Емес пе еді ол үшін сыйың - бақыт,
қайтып құрмет тұтпаған мүсінді ана!
...Тірі адамдар өмірді қиындатып,
Құрметтейді өлгенің үшін ғана.

ЕВГЕНИЙ ЕВТУШЕНКО


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері