Балаларыма – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Балаларыма» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1278
Сездіңдер жүрегімде бұлақ барын,
Кім білсін қайда барып тұрақтарын?
Тереңнен қайнап шыққан тұнық еді,
Лайлап ап жүрмеңдер, шырақтарым!
Бас алған асыл текті ақ тұмадан,
Аппақ сүт омырауынан атқылаған.
Кезімде олай-бұлай шапқылаған,
Бұйыртқан содан ғана бақты маған.
Күндіз-түн көкірегімде сылдырайды,
Тәтті ырғақ, тәтті әуеннен жыр құрайды.
Белгісіз, бейіл қояр кім былайғы,
Өзіме бірде ұнамай, бірде ұнайды.
Асыр сап асау тайдай балбұлағым,
Мұздадым...
Жалындадым...
Балбырадым...
Төсеңдер жастығымды, құлындарым,
Түн бойы тағы отырып қалжырадым.

1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері