Өлең, жыр, ақындар

Махаббат

Көңілге көңіл, тоғысқан кезде,
Көңілдер жақын болысқан кезде.
Арайын төгіп шынайы сезім
Жартылай жандар толысқан кезде.
Сезілер нағыз махаббат!

Араны араз шарлаған кезде,
Күмәнің көзді арбаған кезде.
Көңілде түйін шешілмей тұрып,
Ақиқат бүршік жармаған кезде.
Езілер нағыз махаббат!

Ақиқат бір күн ашылған кезде,
Бірақ та бәрі басылған кезде.
Оралам десең табылмай шара,
Өкініп, жарға бас ұрған кезде.
Көз ілер нағыз махаббат!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бойдақтарға!

  • 0
  • 0

Көрмеген әлі бір ойлап,
Үй болуды тезірек.
Бір бойдаққа, бір бойдақ,
Әр қадамда кезігер.

Толық

Қарап көріңіз