Қаншама рет өліп қайта тірілдім – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Қаншама рет өліп қайта тірілдім» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 856
Қаншама рет өліп қайта тірілдім,
Қаншама рет тұрып қайта сүріндім.
Қаншама рет балдай дәмін тамсанып,
Шамырқанбай дәмін таттым уыңның,
Қаншама рет лақтырылдым жазықсыз,
Анталаған талауына қуғынның.

Қаншама рет қашып шығып сорлардан,
Қаншама рет жылап қайттым жолдардан,
Қаншама рет ақ қағазға боздағам,
Айтшы,үнсіз қалған кезім болды ма,
Болды ма кез қолдарымды созбаған?!
Қалды ма сөз айтылмаған? Жазбаған?!

Қажет емес еді ешбір атағың,
Ешкімінде жоқ еді еш шатағым,
Сонда ненің өтеп келдім жазасын,
Соны ұқтыра аласың ба,Отаным?
…Соның бәрін көріп, кешіп өткен соң,
Бұрынғыма қайта оралып енді мен,
Қалай кенет бақытты боп көрінем?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаншама рет өліп қайта тірілдім өлеңінің авторы кім?

Ақсұңқар Ақынбаба — осы өлеңнің авторы.

Қаншама рет өліп қайта тірілдім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаншама рет өліп қайта тірілдім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақсұңқар Ақынбаба өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаншама рет өліп қайта тірілдім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері