Қауырсындай қанатым жеңіл еді – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Қауырсындай қанатым жеңіл еді» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 698
Қауырсындай қанатым жеңіл еді,
Күш бітетін бойыма ұшқанымда,
Көңілді едім, ғажайып өмір едім,
Аппақ қардай сезім ем құшқанымда.

Бар адамға, әлемге ашық едім,
Ең бақытты шақтарға ғашық едім,
Алдамшының бәріне сенуші едім,
Қара аспаннан Күн болып төнуші едім.

Тозақтан да өтердей кедергісіз.
Рух бар ед арқамда теңдесі күн!
Енді мені көрсеңіз, сенемісіз,
Мүлдем басқа адамның бейнесімін…

Шуағым жоқ тұратын жарық беріп,
Жерге түсе бастадым «қалыпқа» еніп.
Мен емеспін
Мына мен,
Бөтен маған,
Бүгін жылап ояндым табыт көріп…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қауырсындай қанатым жеңіл еді өлеңінің авторы кім?

Ақсұңқар Ақынбаба — осы өлеңнің авторы.

Қауырсындай қанатым жеңіл еді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қауырсындай қанатым жеңіл еді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақсұңқар Ақынбаба өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қауырсындай қанатым жеңіл еді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері