Барлығына кінәлі кім?
Бұл бетте «Барлығына кінәлі кім?» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Барлығына кінәлі кім?
Мына мен!
Келе жатқан кешірумен,
Шыдаумен…
Біле тұра әлсіздігін шындықтың,
Көре тұра құрықтарын қулықтың.
Мен кінәлі емей бұған, енді кім?
Мен –
Жеңілдім!
Кінәлаңдар!
Сорға біткен бағыма,
Сына!
Міне!
Өштеріңді ал, тағы да!
Барлығына кінәлі –
Өзім,
Өзіммін!
Шайнай-шайнай
Шандырланған төзіммін,
Әйел емес,
Адуынды сезіммін,
Безіндірдім!
Безіндім!
…Кешіріңдер!
«Қылмысымды» ұқтым мен.
Қолдарыңнан келмейтінді күттім мен,
Ақырында,
Аңырақай шайқастан,
Жалғыз өзім
Зар еңіреп шықтым Мен!
Кешіріңдер!..
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі