Кеш жаралы… Кеш налалы… Ой басқан – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Кеш жаралы… Кеш налалы… Ой басқан» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 678
Кеш жаралы… Кеш налалы… Ой басқан,
Ішкен сайын итішкірге тоймас жан,
Ана жақтан естіледі масаң үн,
Менің ауыр тақсіретімді тойласқан.

Өзімді-өзім енді алдауға шамам жоқ,
Қайда екенсің құрбандыққа шалған топ,
Көлеңкесін күңгірт шашқан сұр кеште,
Жарық жаққым келіп еді, шам да жоқ.

Менсіз қараң қалатындай түнегің,
Неге менен неге нала тіледің?
Күңіреніп тұрып алған бұл кештен,
Жарық көргім келгеніне күлемін…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеш жаралы… Кеш налалы… Ой басқан өлеңінің авторы кім?

Ақсұңқар Ақынбаба — осы өлеңнің авторы.

Кеш жаралы… Кеш налалы… Ой басқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеш жаралы… Кеш налалы… Ой басқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақсұңқар Ақынбаба өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеш жаралы… Кеш налалы… Ой басқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері