Кеш жаралы… Кеш налалы… Ой басқан
Бұл бетте «Кеш жаралы… Кеш налалы… Ой басқан» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кеш жаралы… Кеш налалы… Ой басқан,
Ішкен сайын итішкірге тоймас жан,
Ана жақтан естіледі масаң үн,
Менің ауыр тақсіретімді тойласқан.
Өзімді-өзім енді алдауға шамам жоқ,
Қайда екенсің құрбандыққа шалған топ,
Көлеңкесін күңгірт шашқан сұр кеште,
Жарық жаққым келіп еді, шам да жоқ.
Менсіз қараң қалатындай түнегің,
Неге менен неге нала тіледің?
Күңіреніп тұрып алған бұл кештен,
Жарық көргім келгеніне күлемін…
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі