Жәукемделген жүректің сүйреуімен
Бұл бетте «Жәукемделген жүректің сүйреуімен» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жәукемделген жүректің сүйреуімен,
Шығып келем өртеніп, күйген үйден.
Оның аты қайғы емес, бұдан кейін,
Себебі оны сезбейтін күйдемін мен.
Ер дегенім тоты екен, тоқым екен,
Түннің көзі түспеді, соқыр екен,
Қаңғып ұшқан қаңбақтар қағып алып,
Жалғыз қалдым. Солармен отыр көкем.
Толағаймын демеймін, тау көтердім,
Құдай сенің ойыңда бар ма екенмін?
Сен қандайсың, білмеймін,
Мен өзімнің,
Өмірімнің білемін даулы екенін!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі