Күнмен күліп – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Күнмен күліп» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 656
Күнмен күліп,
Түнмен тынып табыстым,
Қоғам дерті бізге ерекше сіңімді,
Күнәсі ірі алыптармен алыстым,
Кешіріңдер,
Ұсақ-түйек мінімді.

Өткергенім
Өткелі көп сең көшкін,
Өкпеден мың
Сан жұдырық түйілді,
Қорғаны зор
Дауыстармен шендестім,
Кешіріңдер,
Тым қорғансыз күйімді.
Жиналады
Тасқорғандай құзға мұң,
Тасқорғанға бала менің салтымды.
Бедірейген,
Қабырғалар бұзғаным,
Кешіріңдер
Бұзылмаған қалпымды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері