Куә боп күнәға – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Куә боп күнәға» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 603
Куә боп күнәға,
Күрсініп түн бала,
Күнаға бір шығып, бір батып,
Түн бала жылама,
Жетеді улама,
Бізді де есіркер бір бақыт.
Жанымды балталап,
Наламды арқалап,
Көш кетіп барады ауырлап,
Біресе ит талап,
Біресе бит талап,
Мен кетіп барамын қауым қап.

Сойқанын соққының,
Тойтарған оттының,
Көрдің бе сөнгенін,
Көнгенін?
…Бәрібір оттымын,
Бәрібір жоқ құным,
Осылай кеткенім жөн менің!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері