Ашыл, тұман?
Бұл бетте «Ашыл, тұман?» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ашыл, тұман?
Құшағыңды жай, ғалам,
Аптабыңа қайнап-қайнап сарқылғам,
Өмірім бар өзіне-өзі алданған,
Дау мен жауым бар қалмайтын артымнан.
Дау боп кеткен азды-көпті даңқым бар.
Басыл, тұман!
Аласұрған, ақырған,
Маған біткен қайғымдайсың,
Тартынбан,
Жан-жағымнан таласа үріп, атылған,
Көре алмайтын сансыз жауды көп иттей,
Ешкімімнің жоқтығына қарамай,
Шабуылға шақырып ап, ал,сосын,
Қан-қан болып көк иттей боп таланып,
Жалғыз қалып аһ ұрғам.
Басыл енді,
Дауыл менің не теңім!
Осы алғаным жетеді!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі