Толған ұры, толған өсек, қапыл үн
Бұл бетте «Толған ұры, толған өсек, қапыл үн» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Толған ұры, толған өсек, қапыл үн,
Сатылмайтын қалмайды ешкім жаныңда.
Жүреленіп, қозғала алмай отырмын,
Қорқынышты ғасырымның алдында.
Құйшы, жаңбыр,
Сыбыр-күбір тал қайың,
Көрдім көлден қаны қашқан өңімді,
Енді ешқашан тыншымайтын жайдамын,
Мен де ұмытам
Мені ұмытқан елімді.
Қаралады қасиетті сөзімді,
Табалады көтертпестей көзімді ,
Жүректері тілім-тілім тікенек,
Тілектері құртып тыну өзімді.
Алай-дүлей ағып жатқан өзенге,
Қарап тұрмын, оны өзен сезер ме?
Бір аппақ құс ұшып барад әуелей,
Мен сияқты бара жатқан өзге елге.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі