Бұл бетте «Көздерге от сап» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көздерге от сап,
Көрінем күнде,
Жасырып жаным күйгенін ішім.
Безініп алдым өмірден мүлде,
Өмірді өле сүйгенім үшін.
Онсыз да аз зар көтеріп пе едім?
Тағы да торлар құрылып жатыр.
Жасыру үшін қателіктерін,
Жанталас тірік жүріліп жатыр.
Аспанға қайта шығар ма күнім?
Көремін қашан көне Алтайымды?
Жеңе алар ма екен шыдам барлығын,
Күш берші Тәңір жеңер қайғымды?
Қуат бер, Алла!
Жолымды оңғар?
Төгілген тер жоқ маңдайдан босқа.
Жанымда жар жоқ бабымды табар,
Ешкім жоқ менде өзіңнен басқа!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі