Бұл бетте «Сарқылғанша соңғы сенім тамшысы» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сарқылғанша соңғы сенім тамшысы,
Төздім. Көндім.Ұмыттым ән-сауықты,
Қан-жоса ғып сойса да, өткір қамшысы,
Өмір сүре білдім Асқақ, Даңқты.
Кешірсем де мейірімсіз жылдарды,
Болашақтан сезген едім тұма күш,
Алматының күллі өлеңі тұманды,
Бәрі артта қалғаны тек жұбаныш.
Бәрі артта:
Бақ пен Сорға бөккен күн,
Тұла бойдан оттай ызғар өткен күн,
Жылау да енді келмес, сірә, қолымнан,
Жылай алар шақтан өтіп кеткенмін.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі