Қаралы Өлең! – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Қаралы Өлең!» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 912
Қаралы Өлең!
Жамылғаным,
Жазғаным,
Есіл терім,
Еш еңбегім, қазғаным.
Құдай сенің құлыңмын ба,
Кіміңмін?
Жел ішінде,
Жапырақша жұлындым.

Мен әлі де керекпін ғой, белгілі,
Көрер күнім не болады ендігі.
Сүйдім.
Сөндім.
Көрдім бәрін: оңбадым.
…Тағдыр, қандай болсаң,
Мен де сондаймын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері