Кімге керек Қарабайдың байлығы – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Кімге керек Қарабайдың байлығы» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 672
Кімге керек Қарабайдың байлығы,
Күнге керек емес екен Ай мұңы,
Күннің көзі жаңбырдан соң ашылар,
Менің көзім ашылады қай күні?

Қайтсем кері қашпайды екен қадамым,
Қашан мына жанға тыным табамын?
Жаушы жаңбыр,
Көзімізді ашқызбай,
Қайда мені апарасың таланым?

2003 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері