Айлам жоқ саған әккі мұң – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Айлам жоқ саған әккі мұң» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 594
Айлам жоқ саған әккі мұң,
Басыла ма аптығым?
Алыста ма тәтті ұғым,
Қасымда ма?

Қаракүңгірт түнек кеш,
Сен ғанасың тілектес,
Сен ғанасың жүдетпес,
Сен панасың...

Сұп-суық зар аязды,
Менсінтпедің таязды,
Теңсінтпедің ойы азды,
Меншіктедің...

2003 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері