Бұл бетте «Мәрттігінен жаңылған» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мәрттігінен жаңылған,
Мына қоғам, қай қоғам,
Құлан жеріп қағынан,
Тұман толы айналам.
Тектілікке сусатқан,
Мына заман қай заман?
Арындысын жусатқан,
Дарындысын байлаған.
Бүршік жарған бал жүрек,
Үсік ұрса солады,
Жазған құлға жан керек,
Жазбауға да болады.
Сахарамды ән бөлеп,
Шырқырайды құлын үн,
Қолы таза бар ма Бек?
Жолы таза Ұлығың?
Атан мінез,тұлпар із,
Алты Алашқа ғашық ем,
Торға түссе Сұңқар қыз,
Құтқармайды асыл ел.
Жас жүрегім қатайды,
Өскін едім өрелі.
Кетсем қашқын атайды,
Келсем босқын көреді.
Баптай алсаң бағың ем,
Бағаласаң барың ем,
Жастық шағым өттің бе?
Осы ма?
Өмір ...сонымен?
2010 ж.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі