Басына бер, асқын нала жарасы – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Басына бер, асқын нала жарасы» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 562
Басына бер, асқын нала жарасы,
Кімге керек тірі өлінің арасы?
Суығына тоңбай кіріп ұрынып,
Алауына жанбай күйдім, қарашы.

Жоқ қой енді,сор мен тордың дамылы,
Басын алып қашты емес пе барлығы,
Соқты емес пе алақұйын дауылы,
Жетті емес пе қуғын алып дабылы!

Қарға ма едің?
Білмеппін ғой,
жарайсың,
У ма едің?
Қалай,
Қайдан тарайсың?
Енді нең бар?
Біз қоштастық емес пе?
Неме?
Несін?
Қимағансып қарайсың?

2003 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері