«Жарыл!» - дейсің
Бұл бетте ««Жарыл!» - дейсің» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Жарыл!»-дейсің
«Арыл!»-дейсің күнәңнан,
Күдігімнен,
Күйігімнен,
Күмәннан,
Мен не дейін,
Сен не десең
Жылағым,
Кеп тұрса да,
Сен қылғанды қыламын.
Қалғып кетпей қатері көп жолда мен,
Жанып кетпей неге қалдым сонда мен,
Өкінішін тартып өту үшін бе?
Көріп өту үшін бе,әлде,түсімде.
Неғыл дейсің?
«Бағын!»-дейсің баяғы,
Қайырымсыз тағдырға жоқ аяуы,
Дегеніңе жеттің,
Кеттің,
Масқара,
Қалған сезім қалдығын тек ластама!
2003 ж.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі