Тұман басты – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Тұман басты» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 634
Тұман басты:
Оңымды да, солымды,
Сейілмейтін сағынышым секілді,
Білгендіктен таппасымды жоғымды,
Тұманменен баспақ едім өртімді.

Тұман басқан саған барар жолымды,
Осы жолда қанша адастым, мұң шектім,
Қақ маңдайдан сұр жартасқа соғылдым,
Сорлы сезім соқыр екен сүйсе шын.

Тұман іші адаспаған ешкім жоқ,
Сай, салада сенделіп жүр қанша арман,
Кіжінген ел,
Айғайшыл жұрт,
Есту жоқ,
Тұман ғасыр енді неңе тамсанам?

2003 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері