Құтыла алмай сор қалар – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Құтыла алмай сор қалар» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 655
Құтыла алмай сор қалар,
Жете алмай бақ қалар,
Жағдайым жоқ қорғанар,
Жағдайым жоқ мақтанар.

Шекер емес жемісім,
Өтер емес жұтқан мұң,
Қай күнәма?
Не үшін?
Қуғындалдым ұқпадым.

Тұрғанымда бүлдірмей,
Көну бітті ол анық.
Өлу қалды білдірмей,
Ұшты-күйлі жоғалып.

2003 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері